Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзі еліміздегі ұлттық бірлік пен татулықты нығайтуға бағытталған маңызды бастама болып табылады. Мемлекет басшысы этносаралық түсініспеушіліктің алдын алып, өзара құрметтің еліміздің тұрақты дамуы үшін маңызды екенін атап өтті. Ассамблеяның көпұлтты қоғамды дамытудағы рөлі зор, ал жастарды патриотизмге тәрбиелеу – болашақтың кепілі. Тоқаевтың сөзі Қазақстанның біртұтас әрі мықты мемлекет ретінде қалыптасуына бағытталған стратегиялық көзқарасты көрсетеді.
Маргарита Ванькова,
орыс ұлтының өкілі