Есірткімен күрес – ұлт болашағын қорғау

Бүгінде есірткі дерті – тек бір адамның ғана емес, тұтас қоғамның тағдырына қауіп төндіріп отырған күрделі мәселе. Мемлекет тарапынан бұл індетпен күреске ерекше назар аударылып, алдын алу шараларын күшейту туралы бастамалардың көтерілуі – уақыт талабынан туындаған аса маңызды қадам. 

Есірткі ең алдымен жастардың санасын улап, болашағын тұмшалайды. Ол бір отбасының ғана емес, бүтін бір ұрпақтың тағдырына балта шабады. Сондықтан бұл мәселеге тек құқық қорғау органдарының міндеті ретінде қарамай, бүкіл қоғам болып жұмыла қарсы тұру – басты міндет. 

Мемлекет тарапынан қабылданып жатқан профилактикалық шаралар, түсіндіру жұмыстары, арнайы операциялар – есірткі айналымын шектеуде маңызды рөл атқарып келеді. Дегенмен, бұл бағыттағы жұмыс тек жазалаумен шектелмеуі тиіс. Ең бастысы – алдын алу, ақпараттандыру, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спорт пен білімге бағыттау. 

Сонымен қатар ата-аналардың, ұстаздардың, қоғам белсенділерінің жауапкершілігі де ерекше. Себебі есірткімен күрес тек заңмен емес, тәрбиемен, санамен, үлгімен жеңіледі. 

Марат Әбілғазы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT