Еліміздің болашағын айқындайтын бағдар

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын толық қолдаймын. Бұл құжат — елдің ертеңіне салынған жаңа соқпақ секілді.

Жолдауда көтерілген бастамалар бүгінгі заманның талабына дәл келіп тұр: жасанды интеллектті дамыту, экономиканы әртараптандыру, өңірлердің жауапкершілігін күшейту, инфрақұрылымды жаңарту — бәрі елді жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

Әсіресе цифрландыру мен білім саласына ерекше көңіл бөлінуі көңілге қуат береді. Бүгінгі бала — ертеңгі маман, ал Жолдауда айтылғандай жаңа технологияны мектептен бастап үйрету — болашаққа салынған ең мықты инвестиция.

Жалпы, Жолдау — күрделі кезеңде елді дұрыс бағытқа бағыттайтын маңызды бағдар. Ондағы әр бастама — мемлекеттің бәсекеге қабілетті, қауіпсіз әрі тұрақты болашағына жасалған нақты қадам. Сондықтан мен Жолдауды толық қолдаймын және оның жүзеге асуы еліміздің игілігіне қызмет етеді деп сенемін.

                                                                      Дильназ Рахимқызы 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT