Елімізде шетелдік инвестиция есебінен энергия сақтайтын нысандар салынады

АСТАНА. KAZINFORM – Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жаңартылатын энергияны генерациялау бағытындағы заңнаманы жетілдіру керектігін айтты. Оның сөзінше, бұл қадам ауқымды халықаралық жобаларды іске асыру үшін қажет.

Премьер-министр Олжас Бектенов министрден жаңартылатын энергияны генерациялау мәселесі қалай ұйымдастырылып жатқанын сұраған.

– Министрлік жаңартылатын энергия көздерін дамытуға арналған заңнамаға тиісті өзгерістер мен толықтырулар әзірледі. Бүгінгі отырыста сол құжаттың жобасын дауысқа саламыз. Жалпы осы өзгерістер мен толықтырулар нәтижесінде 3 ГВт энергия сақтайтын көздерді салу жөніндегі келісімшарттарға отырып, жобаларды аукционға шығаруға мүмкіндік береді. Оның ішінде 1,1 ГВт қуат көзі халықаралық келісімшарттарға арналған. Министрлік осы жұмыс одан әрі жалғастырады, - деді Ерлан Ақкенженов.

 https://kaz.inform.kz/news/elmzde-11-gvt-zhanartilatin-energiya-saktaytin-nisandar-salinadi-996ee7/

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT