Елімізде мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетуге арналған портал іске қосылды

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету үшін aleumet.egov.kz порталы іске қосылды. Портал ашудағы мақсат: оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетінше таңдау құқығы, оларды алу мерзімін қысқарту, делдалдық қызметтерді жою, бизнес процестерінің ашықтығы.

Бүгінгі күні мүгедектігі бар адамдар оңалту құралдары мен қызметтерін порталда электрондық сандық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы алуда.
Дегенмен, aleumet.egov.kz, «Электрондық үкімет» порталдарына әркім өзінің жеке ЭЦҚ-мен кіретіндіктен, осы ЭЦҚ-ның пайдалану мерзімін қатаң бақылап отыруларыңыз сұралады.
Мүгедектігі бар адамдар мемлекеттік корпорация арқылы өтініш беріп, ақпараттық жүйеде тіркелгеннен кейін өтініш берушіге смс-хабарлама барады. Құрметті тұрғындар, бөлім тарапынан сіздерге ешкім телефон соғып хабарласпайды. Смс-хабарлама келгеннен кейін ЭЦҚ арқылы «Әлеуметтік қызметтер» порталына міндетті түрде тапсырыс берулеріңіз қажет. 2 ай ішінде таңдау жасалмаса, өтініш автоматты түрде кері қайтарылатыны ескертіледі.


Л.ДОСЖАНОВА,
аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік
бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT