Ел қорғау- ер парызы

БАҚ.кз

2006 жылы туған жастарды қаңтар-наурыз айларында  шақыру пунктінде тіркеу басталды

Қазақстан Республикасының  2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV «Әскери  қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңын, Қазақстан Республикасы Қорғаныс  Министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы  №28  «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке  алу  қағидаларын бекіту туралы»  бұйрығын және Жылыой ауданы әкімінің 2022 жылғы 8 желтоқсандағы № 36 «2006 жылы туған Жылыой ауданының  азаматтарын 2006 жылдың қаңтар-наурыз айларында шақыру пунктінде тіркеуден өткізу туралы» шешімін орындау мақсатында, ауданымызда 2006  жылы туған азаматтарды тіркеуден өткізу жұмыстары 2023 жылдың 10-шы қаңтарында басталды.
      Жыл сайын қаңтар-наурызда  17 жасқа толатын ер азаматтар әскерге шақыру пунктіне кеп тіркеледі. Тіркеуді  тиісті жергілікті атқарушы органдар аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөліммен  бірлесіп атқарады. Бұл азаматтарды әскери есепке қабылдау, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық  санатын айқындау, білім деңгейін, алған мамандығы мен дене дайындығы деңгейін белгілеу мақсатында ұйымдастырады және жүргізеді.  Азаматтарды әскерге шақыру пунктіне  тіркеу туралы деректер негізінде  аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі әскерге шақыру ресурстарын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері мен әскер тектері, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдары бойынша алдын ала бөлуді, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша оқыту үшін кандидаттарды алдын ала іріктеуді жүргізеді. Әскери және арнаулы оқу орындарына түсуге ниет білдірген адамдарды іріктейді.  Азаматтарды әскерге шақыру пунктіне тіркеуді олардың тұрақты тұрғылықты немесе уақытша тұратын жері бойынша аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі  жүргізеді.
Аудан көлеміндегі 2006 жылы туған және бұрын уақытында есепке тіркелмеген азаматтар Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне қаңтар-наурыз айларында келіп, әскери есепке тіркелуге міндетті екендігін хабарлаймын.



Е.Ізгалиев, майор,
аудандық қорғаныс
 істері жөніндегі бөлім бастығының
міндетін уақытша атқарушы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT