Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы – еліміздің жаңа даму бағытын айқындаған маңызды құжат.
Президент көтерген мәселелер мен тапсырмалар қазіргі қоғамның сұранысын дәл айқындап, елдің әлеуметтік-экономикалық өрлеуін қамтамасыз етуге бағытталғаны қуантады.
Жолдауда айқындалған экономикалық реформа бағыты – уақыт талабымен үндес.Өндірісті әртараптандыру, шағын және орта бизнесті дамыту, инновациялық жобаларға жол ашу – халықтың табысын арттырып, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Сондықтан Президенттің экономикаға серпін беретін бастамаларын қолдаймын.
Қала тұрғыны
Гүлназ Есмұратов



