Ел ертеңін айқындаған шешуші Жолдау

Биылғы Жолдау – ел ертеңінің бағыт-бағдарын айқындаған маңызды құжат қана емес, қоғамға жігер беретін жаңа серпін іспетті болды. Президент бұл жолы да мемлекет дамуының негізгі артерияларын дөп басып, халық күткен мәселелерді айқын айтып берді.

 Әсіресе әлеуметтік ахуал, экономикалық тұрақтылық, өңірлерді дамыту, білім мен денсаулық саласындағы реформалар – барлығы да елдің бүгінгі талабына сай ұсынылғаны сезілді.

 Жолдаудың әр тарауы – бір-бір басымдық, әр бастама – нақты жоспар. Ұлттық экономикада жаңа технологиялар мен инновацияларға ден қою, кәсіпкерлікті қолдау шараларын күшейту – еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған үлкен қадам. Бұл – ертеңін ойлаған елдің даму жолы.

 Ендігі міндет – осы бастамаларды нақты іс жүзінде жүзеге асырып, ел игілігіне жарату. 

  Жылыой аудандық аурухана меңгерушісі
 Злиха Құлғазиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT