Мемлекет басшысының биылғы Жолдауының басында айтылған елдің даму бағыты мені ерекше ойға салды. Президент үндеуінің алғашқы жолдарынан-ақ мемлекеттің алдағы қадамдары анық, мақсатты һәм жүйелі екені көрініп тұрды.
Бұл Жолдау мен үшін тек жоспарлар жиынтығы емес, қайта Қазақстанның болашақтағы бағытын айқын көрсеткен үлкен бағдаршам секілді әсер қалдырды.
Жолдаудың басым бағыттарының ішінде ең алдымен мемлекеттің тұрақтылығы мен экономиканың жаңаруына басымдық берілуі — уақыттың өзі талап еткен шешім. Қиындық пен өзгерістер кезеңінде елдің алдына нақты мақсат қойылып, жаңа даму жолы ұсынылғаны жүрекке сенім ұялатты.
Осы жолғы Жолдау әр Қазақстан азаматын ойландырып қана қоймай, ортақ іске жұмылдырғандай әсер қалдырды.
Қала тұрғыны
Айжан Мөңкебаева


