Ел дамуы үшін аянбайық!

2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жолдауда елдің даму стратегиясының жаңа кезеңдері, соның ішінде мемлекеттік басқаруды жетілдіру, цифрландыруды жеделдету және саяси жүйені жаңғырту мәселелері қамтылды.

Президент өз сөзінде экономиканы әртараптандыру, жаңа технологияларды енгізу, әлеуметтік салаларды дамыту және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған басым міндеттерді айқындады. Сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мен мемлекеттік институттардың тиімділігін арттырудың маңыздылығына тоқталды. Президент Жолдауын басшылыққа алып, алдағы уақытта ел дамуы үшін жауапкершілік пен тәртіпті күшейтуге, өңірдің тұрақтылығы мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аударылу керек.

Жанар Бегілерова,

қала тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT