Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы – іскер азаматтар үшін жаңа мүмкіндіктердің бастауы болды.
Әсіресе экономиканы әртараптандыру, шағын және орта бизнесті қолдау, өндіріс пен инновацияны дамыту бағытындағы нақты міндеттер – кәсіпкерлерге үлкен серпін береді.
Жолдаудан ел экономикасының болашағы мен бизнестің әлеуеті айқын көрінеді. Президенттің «Әрбір кәсіп – ел игілігіне қызмет етуі тиіс» деген ұстанымы бізге жауапкершілік жүктейді. Бүгінгі нарықта адал еңбегімен, жаңашыл ойымен ел дамуына үлес қосатын кәсіпкерлер үшін мұндай бағыт – сенім мен тұрақтылықтың кепілі.
Сонымен қатар салық жүйесін жетілдіру, цифрландыруды кеңейту және отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары – нақты нәтиже беретін бастамалар. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын ашуға, жергілікті өнімнің үлесін арттыруға және экономикалық өсімге жол ашады.
Жолдау – кәсіпкер үшін бағдаршам іспетті. Ол бізді табысқа ғана емес, қоғам алдындағы жауапкершілікке, елдік мүддеге үндеуде.
Біз, кәсіпкерлер қауымы, Президент бастамаларын қолдай отырып, еңбегіміз арқылы еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қоса береміз.
Қала тұрғыны Ырзахан Айтпаев