Мен үшін Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы – жай ғана саяси құжат емес, елдің алдағы бағытын айқындайтын нақты бағдар деп қабылданды.
Жолдауда көтерілген мәселелердің көпшілігі күнделікті өмірімізде жиі кездесетін түйткілдермен тікелей байланысты екені көңілге қонымды болды.
Әсіресе заң мен тәртіпті күшейту, әділеттілік қағидатын орнықтыру туралы айтылған ойлар мені ойландырды. Қоғамда тәртіп болмаса, даму да болмайтыны анық. Сондықтан бұл бағыттағы бастамалардың жүйелі түрде жүзеге асқанына куә болғымыз келеді.
Жеке пікірімше, бұл Жолдаудың басты құндылығы – әр азаматты жауапкершілікке шақыруында. Өзгерісті тек мемлекеттен күтіп отырмай, әркім өз орнында адал еңбек етіп, заңды сақтап, ел дамуына үлес қосуы керек деген ой айқын сезіледі.
Қала тұрғыны
Болат Ахаев



