Аудан аумағында көші-қон заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында кешенді тексеріс жүргізілді.
Тексеру барысында аудан көлемінде жүрген бірнеше шетелдік азаматтардың еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырып жүргені анықталды. Нәтижесінде, 4 шетел азаматының Қазақстан Республикасының аумағында еңбек етуге рұқсат беретін тиісті құжаттарының жоқ екені белгілі болды.
Аталған құқық бұзушылық дерегі бойынша іс материалдары сотқа жолданып, аудандық соттың шешімімен 4 шетелдік азамат ел аумағынан шығарылды. Аудан аумағында көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, заңсыз көші-қонның алдын алу және қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп, тұрақты бақылауда ұсталып отыр. Аудандық Полиция бөлімі көші-қон қызмет бөлімшесі шетелдіктерге Қазақстанда тұрақты тұруға, азаматтардың шетелге тұрақты тұруға кетуіне рұқсат беру, азаматтықты қабылдау және одан шығу, халықты тіркеу және құжаттандыру міндеттерін атқарады.
Қала тұрғындары қалаға заңсыз келген шетел азаматтары туралы ақпаратты жақын жердегі учаскелік полиция пункттеріне немесе «102» нөміріне хабарлай алады.
А.Ерденқызы


