«Ең жақсы адам»

.


Жуырда а
удандық  орталық кітапхана және  Жастар Ресурстық орталығымен  бірлесіп әкелер күніне орай  «Ең жақсы адам» атты әкелермен кездесу кеші өтті.

Мақсаты еліміздегі отбасылық құндылықтарды ілгерілету, әкелердің қоғамдағы рөлін айшықтау. Бала тәрбиесіндегі әкенің алар орнының маңыздылығын түсіндіру, отбасында әке мен бала  арасындағы қарым қатынасты нығайту.

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі меңгерушісі Айгүл Амантайқызы шараны жүргізіп, әкелер күні мерекесі не үшін ұсынылғанын түсіндіріп, маңызына тоқталып өтті.  

Кеш  қонақтары аудан тұрғындары,  «Белсенді өмір сүру орталығының» тұрақты демалушы зейнеткерлері Ғабиден Жұмақшамов, Болат Мусиев, СағидоллаБалтоғаев, Болат Темір баланың жеке тұлға ретінде қалыптасу кезінде отбасылық тәрбиенің үлкен маңызы бар екендігін және өмірлік тәжірибелері туралы ой-пікірлерін білдірді. Шараға қатысқан жастар отбасы туралы бірнеше сұрақтар қойып, нақты жауаптар айтылды.

Сондай-ақ шараны әнмен көркемдеген   зағиптар  қоғамының бірнеше мүшелері:

Ақын, ардагер-журналист Б. Базарбаевтың Әкені аңсау Саламат Темірбеков, М.Мақатаевтың Әке монологын Мансур Ысқақов, «Әке, Ана», «Менің әкем ең жақсы адам», «Әкені аңсау» әндерін  М.Ысқақов,  А.Жекеева,  А.Ақылбек жүрекке жеткізе орындады. Сонымен қатар, аудангдық Жастар ресурстық орталығының мүшесі  Зинайда Назымбекова «Әке туралы жыр»  әнін орындаса,  кітапхана қызметкері Г.Айтуарова «Қос бәйтерек» әнін тамылжыта орындап, оқырмандар көңілінен шықты.

«Әке - шаңырақтың тірегі» атты шара барысында жасақталған  көрмеге оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Алма Садықова шолу жасады.

Кітапхана  директоры Сандуғаш Төлеуішқызы қорытынды сөз сөйлеп, жастар орталығы және кітапхана атынан қонақтарға естелікке сыйлықтар ұсынылды.  

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT