Республика күнін Атырау қаласындағы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері де атап өтті.
Бүгін «Довира» украин этно-мәдени бірлестігі аталған орталықта мерекелік концерт пен қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

-Республика күні мерекесі аясында біз осында келдік. Жалпы бұл мекемеге біз жиі бас сұғып тұрамыз. Қайырымдылық акциясын ұйымдастырдық, концерт қойдық. Мұнда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 20-дан астам бала бар. Басты мақсатымыз — көмекке мұқтаж жанға қол ұшын созу. Осындай ауқымды мерекеде оларды ұмытпау- парызымыз. Біз бірнеше жылдан бері тек бұл мекеме ғана емес, қарттар үйінде, егде жастағы тұрғындарды бейімдеу орталығына да жиі барамыз. Айтулы мерекеде барша қазақстандыққа ашық аспан, бейбіт өмір тілеймін. Біздің күшіміз -бірлікте. Балалар -болашағымыз, — дейді «Довира» украин этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі Виктория Синицина.
Айбөпе САБЫРОВА



