2025 жылғы Президент Жолдауы халықтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін нақты өзгерістерге бағытталған.
Қасым-Жомарт Тоқаев елді дамыту тек заң мен саясатпен емес, әрбір азаматтың жағдайымен өлшенуі керек деді.
Президент мемлекеттік басқаруды жеңілдетіп, халыққа ашық жүйе қалыптастыруды тапсырды. Бұл – шенеуніктердің емес, қарапайым халықтың үні естілетін қоғам құру деген сөз.
Жолдауда әлеуметтік әділеттілік мәселесі де ерекше аталды. Әсіресе жастар мен ауыл тұрғындарына қолдау көрсету, кәсіп ашуға мүмкіндік беру, жұмыспен қамтуды арттыру – ел дамуының өзегі ретінде көрсетілді.
Президенттің айтуынша, әділ мемлекет пен сенімді қоғам – бір-бірінен ажырағысыз ұғым. Сондықтан әрбір бастама азаматтардың сенімін арттыруға бағытталуы тиіс.
Құлсары қаласы әкімі аппаратының бас маманы Еркебұлан Қаржаубаев


