«Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Атырау облысының Жастар ресурстық орталығы» 9 ақпан күні, сағат 16:00-де Қазақстан Республикасының Парламентін реформалау және қоғамдағы әділеттілік пен теңдік мәселелерін жастар арасында талқылау арқылы олардың құқықтық түсінігін арттыру, азаматтық белсенділігін дамыту және әлеуметтік- әділеттілікке деген сенімін нығайту мақсатында «Әділетті Қазақстан: қоғам не күтеді?» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.
Кездесудің мақсаты - «Әділетті Қазақстан: қоғам не күтеді?» тақырыбы бойынша жастардың әлеуметтік әділдік, заң үстемдігі, тең мүмкіндіктер мен азаматтардың әл-ауқатын арттыру мәселелеріне ерекше назар аудару.
Кездесуге спикер ретінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, саясаттанушы Сайфолла Сапанов пен Атырау облыстық Жастар Мәслихат депутаты Жалғас Халелов қатысты. Спикерлер Парламентті реформалаудың мәні, оның саяси жүйедегі орны және халықаралық тәжірибедегі үлгілері туралы ой бөлісіп, жастардың сұрақтарына жауап берді.
Кездесу барысында жастар өз көзқарастарын білдіріп, дәлелді пікір айтуға тырысты. Іс-шара соңында қатысушылар мұндай кездесулердің қоғамдық-саяси мәселелерге қызығушылықты арттыруға маңыздылығын атап өтті. Қатысушылар саны: 50 қатысушы.



