Өңдеу өнеркәсібі экономикалық кезеңнің өзегі болмақ

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы мені ерекше ойға қалдырды.

Әсіресе Мемлекет басшысының инвестиция саясатына қатысты айтқан сөздері бүгінгі экономикалық шындықты дәл сипаттап тұр.

Президент атап өткендей, «Қазір дүние жүзінде инвестицияға талас күшейіп барады. Жаңа инвестициялық кезеңді бастауымыз қажет. Қазіргі инвестиция тарту саясаты мардымды деп айта алмаймын. Қаражаттың көбі шикізат салаларына құйылып жатыр.

Жалпы, бұл жаман емес, осындай инвестициялар бізге қажет». Шынында да, еліміз тәуелсіздік алғаннан бері шикізат салаларына бағытталған инвестиция экономикамыздың негізгі тірегіне айналды. Бірақ бүгінгі әлемдік үрдіс мүлде басқа бағытты талап етеді. Президент атап өткендей, ендігі міндет өңдеу саласына көбірек қаражат тарту. Бұл еліміздің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етудің ең маңызды қадамы.

Ел басшысы Қазақстан халқына жасаған кезекті Жолдауы арқылы жаңа индустрия мен жоғары технологиялық секторларды дамытуға нақты бағдар беріп отыр. Әлем жасанды интеллект пен цифрлық технология дәуіріне қадам басқанда, Қазақстанның бұл бағытта артта қалуға еш қақысы жоқ. Жаңа инвестициялық саясат отандық стартаптарға, инновациялық жобаларға, IT-индустрияға ерекше серпін беруі тиіс. Бұл ретте ҚР Президенті:

-Ірі инвесторлармен қатар орта және шағын инвесторлармен тығыз байланыста жұмыс істеу керек. Қаражаттың қай бағытқа, қандай мақсатпен және қанша көлемде қажет екенін нақты білу қажет. “Инвестицияға тапсырыс” өндірістің сұранысына сай жасалуы керек,-деген еді нақтылап. Әрине, бұл экономиканы монополиялық тәуелділіктен арылтудың және шағын бизнеске жол ашудың тиімді тәсілі болмақ.

Кенжеғали ДАУТАЕВ, кәсіпкер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT