Биылғы Жолдау – жай ғана құжат емес, елдің ертеңіне салынған сара жол. Президенттің әрбір сөзі – бүгінгі күннің айнасы, келешектің кілті. Бұл Жолдауда ел дамуының өзегі – еңбек, әділдік пен жаңару.
Халықтың үніне құлақ түрген, жастарға жол ашқан, ауыл мен қаланың арасын жақындатқан бұл бастама – жаңа дәуірдің дауысы іспетті. Әр тармақтан іскерлік пен ізгілік сезіледі.
Жолдау – шабыт, жігер, сенім. Ол бізге «Алға, Қазақстан!» деп тұрғандай. Ендігі міндет – сол сенімді іспен дәлелдеу, Президент айқындаған бағытты өмірге енгізу. Себебі, болашақ бір күнде тумайды, ол – бүгінгі жауапкершіліктің жемісі.
Қала тұрғыны Камшат Көбейсінова