АСТАНА. KAZINFORM – Этносаралық, дінаралық және ұлтаралық өзара сыйластық саясатын жүргізу маңызды. Бұл туралы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Cъезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.
Мемлекет басшысы бұған дейінгі Съезден бері әлемде теріс тенденциялар қарқын алғанын, оны бірқатар саясаткер мен сарапшылар «өркениет дағдарысы» деп атағанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев әсіре ұлтшылдық пен патриотизмнің ұштасып бара жатқан үрдісіне қатты алаңдап отырғанын жеткізді. Әлемде негізгі түсініктерге қатысты осы жағдайлар жастардың бағыт-бағдарына нұқсан келтіруі мүмкін.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы бірқатар елдерде саяси тұрақсыздыққа әкелген идеологиялар арасындағы қақтығыс күшейіп жатқанын айтты.
- Қазақстанда осы маңызды әлемдік мәселелердің барлығына көбірек көңіл бөлініп отыр. Этносаралық, дінаралық және ұлтаралық толеранттылық пен өзара сыйластық саясатын жүргізу принципті маңызды деп есептеймін, - деді Президент.
Сондықтан еліміздегі саясат татулыққа екпін қойып отыр және оған нұқсан келтіретін әрекеттерге тиісті тосқауыл қойылады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін елордадағы Тәуелсіздің сарайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIII Cъезінің жұмысы басталды.
Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы ахуал аса күрделі екенін айтып, әлемдік діндер көшбасшыларының съезіне келген меймандарды ашық пікір алмасуға шақырды.