Бірлік пен ынтымақ — мемлекеттің негізі

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірлігі мен даму бағыттарын айқындап, маңызды саяси және әлеуметтік мәселелерге назар аударды.

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының ел бірлігін нығайтудағы рөлін ерекше атап өтті. Оның пікірінше, Ассамблея — тек этносаралық келісімді қамтамасыз ететін емес, сонымен қатар мемлекеттік идеологияны қалыптастыратын маңызды институт. Ассамблеяның жұмысы еліміздің жаңа гуманитарлық идеологиялық доктринасымен үйлестірілуі тиіс, бұл құндылықтар жүйесі Тәуелсіздік, Отаншылдық, Бірлік, Ынтымақ, Әділдік, Жауапкершілік, Заң және Тәртіп, Еңбекқорлық, Кәсібилік, Жасампаздық пен Жаңашылдықты қамтиды.

Мен Мемлекет басшысының сөзіне толық қосыламын. Еліміздің жаңашылдыққа әкелетін кезекті бастамалары елімізді нығайта беретіндігіне нық сенемін.

Гайдар Арыстанов, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы

Жылыой ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT