Ел Президентінің биылғы Жолдауы – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған маңызды стратегиялық құжат. Жолдауда көтерілген әрбір мәселе бүгінгі қоғам үшін өзекті болып табылады.
Президент халықтың әл-ауқатын арттыруға басымдық беріп, экономиканы әртараптандырудың нақты жолдарын атап өтті. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпті дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу – халық тұрмысын жақсартуға бағытталған шешімдер екені анық.
Жолдауда көрсетілген бастамалар елдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне жол ашып, әділетті қоғам құруға серпін береді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру – барша қазақстандықтардың ортақ жауапкершілігі.
Құндыз Бектемісова,
қала тұрғыны