Бес теміржол бағыты: Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан арқылы әлемнің ең ірі сауда нарықтарына жол ашатын 5 теміржол дәлізі өтетінін атап өтуі – еліміздің геостратегиялық маңызын тағы да айқындай түсті.

Қазақстан – Еуразия жүрегінде орналасқан транзиттік мемлекет. Сондықтан көлік-логистика саласын дамыту – елдің экономикалық әлеуетін арттырудың басты тетігі.

  Бұл  тауар тасымалына ғана емес, шетелдік инвестицияның келуіне, жаңа өндірістердің ашылуына жол ашады. Әлемдік нарыққа шығатын жаңа мүмкіндіктер қазақстандық кәсіпкерлер үшін үлкен серпіліс болмақ. Сонымен қатар, транзиттік тасымалдардың артуы өңірлерде жаңа жұмыс орындарын құруға, инфрақұрылымды жетілдіруге ықпал етеді.

 Теміржол дәліздерінің кеңеюі – Қазақстанды халықаралық саудадағы басты ойыншыға айналдыратын маңызды қадам. Бұл бастама елдің экономикалық өсімін қамтамасыз етіп қана қоймай, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға да оң әсерін тигізетініне сенімдімін.

                 Қала тұрғыны
             Айжанат Қазиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT