Баршамызға ортақ іс

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң талабының аясында елімізде жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді. Онымен күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор.

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес - ең өзекті мәселенің бірі. Бұл – қоғамдық кесел. Оның мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы, жетістіктерді жоққа шығаратыны, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз.

Әрине, сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қарсы тиісті шара қолданудың негізі - ол азаматтардың арыз-шағымы. Жылыой ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірнеше шара өткізілді және де басқармада жемқорлыққа қарсы баннерлер ілініп, брошюралар таратылды.

Иә, мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын құрметтеуге міндетті. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі - осы сыбайлас жемқорлықпен күрес.

Б.Сұлтанова,

аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT