Балаңыз терезеден құлап кетпесін!

Соңғы кезде көпқабатты үйлердің пәтерінде кішкене бүлдіршіндердің терезеден құлап кету деректері жиі кездеседі. Мұндай өкінішті жағдай көбіне жазғы мезгілде орын алып жатады. Өйткені, күннің ыстығы салдарынан көп ата-ана бөлмені желдетіп аламыз деп терезені ашып, балаларын ұмытып кететіні жасырын емес.

Ендеше, ондай қауіптің алдын алу үшін не істеу керек? Ең алдымен, үйдің терезесін ашпас бұрын балаңыздың ол жерден алшақ тұрғанына назар аударыңыз. Бөлмені желдету үшін терезенің ең жоғарғы жақтауын ғана ашып, баланың үлкендердің қарауынсыз балконға шығуына рұқсат етпеңіз.

Пәтерде ұйықтап жатқан бүлдіршінді ешқашан жалғыз қалдыра көрмеңіз. Ал терезенің алдына жиһаз қоймаңыз және балаңызға оның жақтауының қалай ашылатынын көрсетпеңіз. Бала өз бетінше терезе ашуды қаншалықты кеш үйренсе, соншалықты өмірі де қауіпсіз болмақ.

Міне, осы ережені ешқашан естен шығармаңыз. Ата-ананың балаларына баса көңіл бөліп, көзінен таса қылмауы қайғылы жағдайдың алдын алады. Есіңізде болсын, ұл-қызыңыздың денсаулығы мен өмірі – өз қолыңызда.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521