Балалар алаңы салынса...

Бұрын №9 орта мектептің жанында «Салтанат» балабақшасы орналасқан еді. Осыдан 3-4 жыл бұрын бұл балабақша қолданыстан шығып, ғимараты бұзылған болатын. Ал қазір осы жер бос тұрса да сыртқы көрінісі нашарлаған.

Сол маңда тұратын тұрғындардың айтуынша, ішімдік ішетін адамдар да осы жерді паналайды. Кейбір тұрғындар қоқыс қалдықтарын да төгетін көрінеді. Ал бұл сол жермен мектепке қатынайтын оқушыларға қиын. Кішкентай бүлдіршіндерге де қауіпті. Ата-аналар біріншіден балалар қоқысты басады деп алаңдаса, екіншіден ішкілікке салынған адамдардан да қауіптенеді. Олардың тілегі сол жерге балалар ойын алаңын салып берсе дейді. Тиісті мекемелер қолға алса деген тілектері бар.
Сонымен қатар «жаңбыр жауған күндері ол жер суға толып, балшық болады. Одан балалар мектепке әрең жетеді»,-деді тұрғын Ж.Мигданова.
Суретін де назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Осындай қордаланған мәселелер қаламызда көп. Алдағы уақытта бір шара қолданылса деген тілек бар.

Ж.ШАҢҚАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT