Аудан бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Салық кодексіндегі салық есептілігі жөнінде түсінік береді:
Биыл 18 шілдеде жаңа Салық кодексіне қол қойылды. Жаңа Салық кодексіндегі ең негізгі өзгерістердің бірі: КТС есептеу, декларациялау және төлеу тәртібі бойынша КТС әртүрлі ставкаларын қолдану және бөлек есепке алуды жүргізу кезінде жеке салық салынатын кірістерді анықтау бойынша міндеттеме енгізілді.
Аванстық төлемдер бойынша шек 350 000 АЕК-тен 600 000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды (алдыңғы салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезеңде түзетулер ескеріле отырып, жылдық жиынтық кірісі алдыңғы қаржы жылының алдындағы айлық есептік көрсеткіштің 600 000 еселенген мөлшеріне тең сомадан аспайтын салық төлеушілер аванстық төлемдерді төлемейді).
Декларация тапсырылғанға дейін аванстық төлемдер бойынша есеп алынып тасталды.
1 тоқсандағы аванстық төлемдерді есептеуді мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады.
КТС есептеу, декларациялау және төлеу тәртібі жөнінде туындаған сұрақтармен аудан бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына 87123751496 телефон нөмеріне хабарласуға болатынын қаперге береді.
А.Қ.Бөлебаева,
Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы



