Ауылдан бастау алған өзгеріс: Жолдаудағы тың бастамалар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын тыңдай отырып, ең алдымен елдің ертеңіне деген сенім нығаяды. Өйткені айтылған әрбір бастама – қарапайым халықтың өмірін жақсартуға бағытталған.

Жолдауда тек экономика туралы ғана емес, ауылдың жағдайы, жастардың болашағы, кәсіпкерлікті қолдау, жұмыс орындарын ашу сияқты нақты мәселелер қозғалды. Мысалы, ауылдағы инфрақұрылымды дамыту деген – ауылда өскен жастардың туған жерінде еңбек етуіне жағдай жасау. Бұл – әр отбасыға тікелей әсер ететін қадам.

Кәсіпкерлікті қолдау туралы бастамалар да көңіл қуантады. Себебі шағын бизнес дамыса, халықтың табысы артады, жаңа жұмыс орындары пайда болады.

«Әрбір кәсіпкер – ел экономикасының тірегі» деген сөздің мәнін осыдан-ақ көреміз. Маған ұнаған тағы бір тұсы – жастарға білім мен ғылым саласында беріліп отырған мүмкіндіктер. Өйткені жастарды қолдау – болашақты қолдау деген сөз. Ертеңгі Қазақстан – бүгінгі білімді, жігерлі ұрпақтың қолында.
Қала тұрғыны Гүлдана Демегенова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT