Президент жолдауында айтылған “Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру қажет”деген бастама - еліміздің экономикалық дамуындағы ең маңызды бағыттардың бірі.
Шынында да, ауыл мемлекеттің тірегі, ал ауыл шаруашылығы ел азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі.
Соңғы жылдары бұл салада үлкен реформалар жүзеге асып, мемлекет тарапынан ауқымды қолдау көрсетілуде. Биыл шаруаларды қолдауға 1 триллион теңге бөлінуі, бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Бұл қаржының уақытылы несиелер түрінде берілуі, субсидиялау жүйесінің жетілдірілуі - ауыл еңбеккерлеріне нақты көмек.
Осындай қолдау арқылы ауыл кәсіпкері өз ісін дамытуға, жаңа технологияларды енгізуге және өнім сапасын арттыруға мүмкіндік алуда. Бұл - ел экономикасына да қосылатын үлкен үлес деп білемін. Бастысы - ауыл еңбегіне деген сенім мен қамқорлық бар. Ендігі міндет осы сенімді ақтау.
Серікбай Жолдасұлы, шаруа қожалығының жетекшісі


