Ауыл шаруашылығы мен цифрлық технологиялардың тоғысуы

Биылғы Жолдау барша қазақстандықтар үшін ерекше мәнге ие. Себебі бұл құжат елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын айқындайды.

Соның ішінде ауыл шаруашылығы мен цифрлық технологиялардың тоғысуын ерекше атап өткім келеді. Мемлекет басшысы агроөнеркәсіптің стратегиялық маңызына ерекше тоқталды. Қазақстан аграрлық ел ретінде ішкі нарықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, әлемдік экспортта да бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Ауыл шаруашылығы саласында жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу басты міндеттердің бірі. Бұл бағыт агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін арттыруға және ауыл аймақтарының дамуына жаңа серпін беруге қабілетті. Президент атап өткендей, жасанды интеллект пен цифрландыру тиімділікті арттырып қана қоймай, ресурстарды үнемдеуге, өнім сапасын жақсартуға және халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті күшейтуге жол ашады.

Жалпы бұл Жолдау тек саяси құжат емес, іс-қимылға шақыру болды. Әрқайсымыз өз саламызда еңбек ете отырып, осы бастамаларды жүзеге асыруға үлес қоса аламыз. Меніңше, елдің нағыз дамуы – осындай жеке үлестердің қосындысынан құралады.

Гайдар Арыстанов, Ардагерлеп кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT