Ауыл әкімдері форумы: Құлсары үшін маңызды бастамалар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен республикалық “Ауыл әкімдерінің диалог платформасы” форумында өңір әкімдері ауыл мен шағын қалалардың дамуына қатысты маңызды ұсыныстарын талқылады.

Инфрақұрылымды жаңарту, сапалы білім мен медицина, жастарды қолдау, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамыту сияқты өзекті бағыттар форумның негізгі тақырыбы болды.

 Бұл мәселелер Құлсары қаласы үшін де өзекті. Форумда айтылған идеялар мен ұсыныстарды Құлсарыда жүзеге асыруға ниеттіміз.

Біз бірге Құлсарының мүмкіндіктерін арттырып, тұрғындар өмірінің сапасын жақсартуға дайынбыз. Әр пікір – маңызды, әр бастама – үлкен өзгеріске қадам.
 
       Құлсары қаласының әкімі
          Қадыржан Адинов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT