Аудан әкімі тыл және еңбек ардагерлерінің үйіне барып құттықтады

Ұлы Жеңістің 77 жылдығы қарсаңында Жылыой ауданының әкімі Халел Жамалов тыл еңбек ардагерлерінің үйлеріне барып, құттықтады.

Халел Жамалұлы соғыс жылдарында еңбек еткен, жоқшылық көрген, жан азабын тартқан және жанкешті қаһармандығымен ерлік көрсете білген осы ардагерлердің арқасы екенін айтып, жылыойлықтардың атынан шексіз алғысын білдірді.

Бұдан соң ардагерге азық-түлік себеттері мен гүл шоқтарын беріп, сауда орталықтың сертификатын табыс етті. Тыл еңбек ардагерлері өзіне зор құрмет көрсетіп жатқан аудан әкімі Халел Жамаловқа алғысын айтып, ақ батасын берді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT