Атырауда "Жасыл ел" жасағына жұмысқа қабылдау басталды

Еңбек жасағына 16-29 аралығындағы жастар қабылданады.

Жұмысқа тіркелу онлайн форматта жүзеге асырылады. Үміткерлер инстаграм әлеуметтік желісіндегі @atyrau_jastary аккаунты профилінде көрсетілген сілтеме арқылы тіркеле алады. Жұмысқа қабылдау үшін жеке куәлік, Kaspi Gold картасындағы IBAN шот, үміткер 18 жасқа толмаған жағдайда ата-анасының рұқсат қағазы керек. "Жалақының жалпы мөлшері 65 000 теңге. Жалақы салығының шегерімдерін алып тастағанда қалатын таза ақы 51 480 теңге" делінген Атырау облысы ішкі саясат басқармасы таратқан ресми ақпаратта.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521