Атырауда жастарға интернеттегі қауіп-қатерлер туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Атырау облысының Жастар ресурстық орталығы мен Атырау облысының Полиция департаментінің ұйымдастыруымен №1, №4 және №6 балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өтті.

Кездесу барысында оқушыларға интернет кеңістігінде жиі кездесетін қауіп-қатерлер туралы мәлімет беріліп, алаяқтардың балалар мен жасөспірімдерді алдауда қолданатын негізгі әдіс-тәсілдері жөнінде айтылды. Сонымен қатар, онлайн ойындар мен әлеуметтік желілер арқылы бейтаныс адамдардан келетін хабарламалар, жалған ұтыс ойындары, тегін бонус немесе сыйлық уәде ету арқылы жеке мәліметтерді алдау жағдайлары кеңінен баяндалды.

Сондай-ақ, мамандар мұндай жағдайларда сақтық шараларын сақтаудың жолдары туралы түсіндірді. Аталған ақпараттық іс-шара жалпы саны 100 жасты қамтыды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT