Атырауда спорт үйірмелері «өлі жандар» сабағына мемлекеттік ақша алды

Атырау қаласының спорт үйірмелері «өлі жандар» сабағына мемлекеттік ақша алды.

Спорт үйірмелеріндегі білім алушылар тізіміне «өлі жандарды» енгізу арқылы кәсіпкерлер заңсыз иемденген 405 423 теңге мөлшеріндегі сома бюджетке қайтарылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялап, Үкіметке аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды қолдау жөніндегі Жол картасын әзірлеуді және балалардың үйірмелерге, орталықтар мен жазғы лагерьлерге бару мүмкіндігін қамтамасыз етуді тапсырды.
Талдау нәтижесімен Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының спорттық іс-шараларға бөлінген бюджет қаражатын кәсіпкерлердің заңсыз иемдену фактілері анықталды.
Сондай-ақ, заңнамамен алынып тасталған «өзге де шығындарды» негізсіз қосу есебінен балалар музыкалық мектептерінде оқыту бойынша көрсетілетін қызметтердің бағасын заңсыз көтеру жағдайлары анықталды.
Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесімен қалалық саз мектептерінде бағаны 10%-дан астам көтеру заңсыз тәжірибесінің жолы кесілді және 2 730 баланың құқықтары қорғалды.


Атырау қаласының прокуратурасы

Фото ашық дерекөздерден алынды

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика