Атырауда «Ғылым күні» аталып өтті

"Ғылым күніне" орай, Атырауда Қаныш Сәтпаев ескерткішіне гүл шоқтары қойылды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгін қазақ халқынан шыққан атақты академик, геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор Қаныш Сәтпаевтың дүниеге келген күні.

Осыған орай, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры мен математика кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Бекет Кенжеғұлов, профессор, оқытушылар мен студенттер қатысты.

«Атырау университеті білім мен ғылымның орталығы ретінде өңірдегі ғылымды дамытуға қатысты арнайы іс-шараларды жүзеге асырады. Атап айтқанда , ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландыру мерзімі 5 жылға ұзартылды, ғылыми зерттеулерге жастарды тартуға жағдайларда жасалуда. Барша атыраулық ғылым саласы қызметкерлерін осынау мерекемен құттықтаймын» , деді Саламат Идрисов.

Еске сала кетелік, даңқты академик Қаныш Сатпаев Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT