Атырау қаласына қарасты Қайыршақты елді мекені мен Дамбы ауылдық округінде трансформатор қондыру жұмыстары жүргізілуде.
Бұған дейін аталған ауылдық округ тұрғындары тоқ мәселесін көтерген болатын. Жергілікті тұрғындар өтініші бойынша, қазіргі таңда «Атырау-Жарық» мекемесі мамандарымен бірлесіп жарық мәселесін шешу мақсатында 630 квт трансформаторлар орнатылуда. Томарлы елді мекенінің Әжіғалиев көшесінде трансформатор орнату жұмыстары аяқталуға жақын. Жоспар бойынша «Мирас» ықшам ауданына трансформатор орнату жалғасады. Сонымен қатар, Дамбы ауылдық округінде де осындай жұмыстар атқарылуда. Былтырғы жылы жоспар бойынша Атырау қаласы ішінде 50 орынға трансформатор орнатылса, биылғы жоспарда 32 орынға орнату жоспарлануда, деді Атырау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Мұхтар Сағындықов.