Атырау облысы полиция департаментінің бірінші орынбасары лауазымына жаңа басшы тағайындалды

Атырау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары тағайындалды.

ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Марат Ахметжановтың 2022 жылғы 5 тамыздағы бұйрығына сәйкес, Атырау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары лауазымына полиция полковнигі Сейдуалиев Абдигани Тойшыұлы тағайындалды.

Жаңа лауазымына дейін Абдигани Тойшыұлы Түркістан облысының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған. Полиция полковнигі 2 дәрежелі “Айбын” орденінің иегері. Ол еңбек өтілімін 1995 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданында учаскелік полиция қызметкері болып бастаған.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521