Атырау облысы бойынша 2022 жылдың қаңтар айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және облыс басшылығының жеке қабылдау қорытындысы

2021 жылғы 1 шілдеден бастап өтініштерді тіркеу және олармен жұмыс Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес «Е-өтініш» бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жаңа форматта жүргізілетіні белгілі.

2022 жылғы қаңтар айында облыс бойынша барлығы 1316 өтініш тіркелді, оның 959-ы орындалды, 357-ы қаралуда.

Есепті кезеңде облыс бойынша барлық деңгейдегі әкімдермен 25 қабылдау ұйымдастырылып, 137 азамат жеке қабылданды, оның ішінде 27 азаматтың мәселесі оң шешіліп, 110 азаматқа заңға сәйкес түсінік берілді.

Облыс әкімдігі басшылығымен барлығы 17 азамат жеке қабылданды, оның ішінде 10 азаматқа облыс әкімінің жеке қабылдауы ұйымдастырылды. Қабылдау нәтижесімен азаматтардың мәселелері бойынша заңға сәйкес түсінік берілгені – 6, тиісті тапсырмалар берілгені – 11.

Сондай-ақ, әртүрлі мәселелермен облыс әкімдігінің фронт-кеңсесі арқылы 111 азамат өтініш білдірді. Олардың: тұрғын үй – 37, денсаулық – 7, әлеуметтік көмек – 1, білім – 1, жұмыспен қамту - 4, жерді пайдалану - 8, жол салу – 4, кәсіпкерлік – 3, құрылыс – 1, мәдениет – 3, ауыл шаруашылығы – 7, қаржы -2, тағы да басқа мәселелер бойынша – 33. Барлығына заң шеңберінде түсініктер берілді.

Фронт-кеңсеге келген азаматтардың өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыру мақсатында қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жасақталған меморандум аясында заңгерлік консультациялар мен психологиялық, медиаторлық көмектер көрсетілуде.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы әрі уақытылы қарау жергілікті атқарушы органдардағы басым бағыттардың бірі болып табылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT