АТАЛАР ЕРЛІГІ – ЕЛ ЕСІНДЕ

Ұлы Отан соғысының от-жалынында елі мен жері үшін жаныншүберекке түйіп, майдан даласында ерлік көрсеткенардагерлердің ерлігімәңгілік есте. Сол ержүрек азаматтыңбіріменің атам  Ғабдінәсір Бисенғалиев.

 

Ол 1926 жылы 17 сәуірде Қияқ ауылында дүниеге келген. Жеті жылдық білімі бар азамат еді. Отбасындағы үлкен ағасы Қабдеш 1941 жылы майданға аттанып, соғыстың алғашқы ең ауыр кезеңінде жауды тойтаруға күш салған. Бірақ  сол кеткеннен қайран боздақ хабарсыз кеткен. Ал елде қалған ұлы Ғабдінәсір болса, ата-анасының жанында қалып, отбасына қамқор болыпты.

Бірақ 1944 жылдың қараша айында небәрі 18 жасында өзіне де әскер қатарына шақырту келіп, қолына қару алып, зұлым жауға қарсы аттанды. Фашизмнен әкесінің, қала берді өз жерлестері мен қандастарының кегін алуды көздеген жас жауынгер Белоруссия майданының 881-дивизия құрамында қатардағы жауынгер ретінде соғысты.  Жауды өз ұясында талқандап, дұшпанға деген өшпенділігі мен кегін қайтарған атамыз Ғабдінәсір Бисенғалиев Отан алдындағы азаматтық борышын да абыроймен атқарып, елге аман-есен оралады.

Елге оралғасын бейіт өмірге қалпына келтіру үшін бар қажыр-қайратын жұмсап,   мұнай өндіру саласында аянбай еңбек етеді. Алдымен оператор, кейін шебер болып жұмыс істеп, зейнет жасына жеткен соң құрметті демалысқа шығады. 80 жасында өмірден озды.

Көзі тірісінде Ғабдінәсір атамыз ауылдағы майдангер достары – Құбаш Ермишев, Есен Қорғанбаев, Исағали Құттыбаев, Төлеп Медетовтермен кездесіп, жиі жүздесіп, естеліктер айтып, ауыл мен елдің жаңалығын бөлісіп, жағдайын талқылап отыратын. Көрші ағаларымыз, Кеңес-Фин соғысына қатысқан Әсемғали  Үмбетов, Байжан  Нұрғалиев, Түгелбай Өтениязов, Кенжеғали  Қалышов секілді майдангерлер де елге еңбегі сіңген ардақты жандар еді. Бұл кісілердің бәрі де бүгінде өмірден өткен ардагерлер қатарында.

Сондай-ақ, менің өз әкемнің ағасы Сыйық Оразалиев та Ұлы Отан соғысына қатысып, майдан даласынан оралмады. Отбасымызға соғыстың салған зардабы мен салмағы әлі күнге дейін жүрегімізде жаңғырып тұр.

Бұл ардагерлердің барлығы да   бүгінгі бейбіт өмірдің негізін қалаған қаһармандар. Олардың ерлігі мен еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Ұрпағы ретінде біз оларға бас иіп, мәңгілік алғыс білдіреміз.

 

Орынгүл ОРАЗАЛИЕВА,

келіні

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT