«Ата Заң – жаңа дәуірдің айнасы»

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы – еліміздің құқықтық және саяси дамуындағы тарихи белес. Бұл құжат – жай ғана өзгерістер жиынтығы емес, қоғамның сұранысына жауап берген, жан-жақты талқыланған, терең сарапталған кешенді трансформацияның нәтижесі.

Алты айға созылған ашық қоғамдық талқылау, e-Otinish және eGov порталдары арқылы түскен екі мыңнан астам ұсыныстың ескерілуі – халықтың реформаларға шынайы қатысқанын көрсетеді. 130 адамнан құралған Конституциялық комиссия құрамына қоғамның барлық әлеуметтік топтарының енуі – инклюзивтілік пен ашықтықтың айқын дәлелі.
Жаңа Преамбулада адам құқықтары мен бостандықтарының алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жариялануы – аса маңызды қадам. Бұл норма тек декларация емес, бүкіл Конституцияның мазмұндық өзегіне айналып отыр. Егемендік, тәуелсіздік, аумақтық тұтастық сияқты құндылықтардың өзгермейтін қағидат ретінде бекітілуі мемлекет тұрақтылығының құқықтық кепілі болмақ.
                    Бір палаталы Парламент – Құрылтай құру бастамасы саяси жүйені оңтайландырып, заң шығару процесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Пропорционалды сайлау жүйесі партиялардың жауапкершілігін күшейтіп, саяси мәдениетті жаңа деңгейге көтереді.

                                            Әсемгүл Мақашова, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT