Ата Заңымыз айқындап берген өзгерістер жолы

Депутат

Өткен жылдан бастап елімізде көптеген оңды өзгерістер орын алып келеді.Былтырғы 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы бүкілхалықтық референдум болып өтті.

Бұл 1995 жылдан бері болып тұрған жаңалық. Сол арқылы халқымыз демократиялық дамуға тағы бір қадам басты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында Ата Заңға жаңа түзетулер енгізуді талап ететін тағы бір бастама жариялады. Оның бірі – ел Президентінің қайта сайлану мүмкіндігінсіз 7 жылға және де бір-ақ мерзімге сайлануы. Бұл жаңашылдық елдегі жоғарғы биліктің сөзсіз ауысуына кепілдік беріп, оны монополиялаудан қорғайтыны анық.

Жалпы 2022 жылғы реформалар суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшуді айқындап берді. Сонымен бірге, Қазақстандағы партиялық құрылысты жандандыру бағытында маңызды шешімдер пакеті қабылданды. Жаңа саяси бірлестіктер құру рәсімдері жеңілдетілді. Бұл алға қарайғы жүйелі қайта құрулардың іргетасын қалағаны хақ.
Енді, міне, Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісін тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды.  Мұның барлығын былтырғы конституциялық реформаның заңды жалғасы және түйіні деп түсінген жөн. Әрмен қарай еліміз демократиялық дамудың даңғыл жолына түсіп, жаңа дәуірге қадам басады деген сөз.
Саяси өзгерістерге сәйкес, енді халық қалаулыларының қатарына халықтың мұң-мұқтажын бұрынғыдан да жетік білетін, өзекті мәселелердің мән жайын терең түсінетін жаңаша көзқарастағы жас та іскер азаматтар келеді деп күтеміз. Бұл еліміздің қоғамдық-саяси өміріне соны серпіліс әкелер деген сенімдеміз.

Сайлауғали Кенжеғалиев

Жылыой аудандық мәслихатының 7-шақырылымының депутаты

Сайлау

ybory-2023-price

Сұрақ Жауап

Ауданда covid-19 жұқтырғандардың көбею себебі неде деп ойлайсыз?

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика