АСПАЗШЫ АПАЙЛАРЫМЫЗҒА МЫҢ АЛҒЫС

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  биылғы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Сондай-ақ  ол «Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз» деген болатын.

Жалпы өмірде қыр-сыры өз алдына бөлек мамандықтар бар. Соның бірі – аспазшы. Онымен күнделікті ас әзірлейтін маман айналысатынын білгенімізбен қоғамда алар орны мен еңбегі жайында көп сөз ете бермейді. Атаулы кәсіп ертеден келе жатқан көне мамандық болғандықтан кез келген жерде сұранысы жоғары.

«Біздер Индер көпбейінді ауыл шаруашылығы колледжінің тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығын алудамыз. Білім алатын ордамызда  аспазшы апайларымыздың еңбегі зор. Еңбектеріңіз бен таланттарыңыздың арқасында дәмді әрі пайдалы тамақтар дайындап күнделікті өмірімізді гүлдендірудесіздер. «Жұмысшы мамандықтар жылына орай колледжіміздің аспазшы апайларымызға еңбектері үшін ризашылығымызды білдіреміз.

Индер аудандық көп бейінді ауыл шаруашылығы

колледжінің 03-к-Т топ студенттері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT