«Ашық есік» күніне асығыңыз!!!

Өйткені онда "БЖЗҚ" АҚ-дағы зейнетақы жүйесіндегі құқықтар және алаяқтықтан қорғану жолдары туралы айтылады!

    Иә, 2025 жылғы 11 маусымдаірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның («БЖЗҚ" АҚ) Атырау облыстық филиалы онлайн-форматта "Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары" тақырыбында "Ашық есік күнін" өткізеді.

Мақсаты – халықтың  зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар, алаяқтық схемалардан қорғану тәсілдері, сондай-ақ, тікелей "БЖЗҚ" АҚ-дан сенімді ақпарат алудың маңыздылығы туралы түсінікті арттыру.

Іс-шараны өткізу барысында қатысушыларға ақпаратты ресми көздерден және тікелей Қордан алудың неліктен маңызды екендігі айтылады. Қызмет көрсету бойынша заңды ұсыныстарды алаяқтық схемалардан қалай ажыратуға болатындығы, ақылы кеңес беру қызметін ұсынатын бөгде адамдардан қандай қауіпт туындауы мүмкін екендігі туралы түсініктемелер беріледі.

Бұған қоса, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері сұрақтарға жауап беріп, іс-шараға келушілерге жеке кеңес береді. «Ашық есік күні» 2025 жылдың 11 маусымы күні онлайн-форматта және 3 сессияда сағат: 10:00-де, 11:30 және 15:00-де өткізіледі.

Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме https://enpf.webex.com/weblink/register/r9fc5ecea70eed9566b5794dad276493b бойынша өтуі керек. Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2517 397 2915 және event-кеңестің паролін 12345енгізу қажет.

     "БЖЗҚ" АҚ өз салымшыларын, алушыларын, БАҚ өкілдерін және қатысуға ниетті барлық азаматтарды «Ашық есік күнінде» қуана күтеді!

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT