«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның Атырау облыстық филиалынаурыздың 13-і күні онлайн-форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Бұл жөнінде Құлсары бөлімшесінің басшысы Ғалия Сәдешованың өзі хабарлады.
«БЖЗҚ» АҚ-дан қандай төлемдер алуға және болашақ зейнетақыны қалай есептеуге болады?» деген тақырыпта ұйымдастырылған Ашық есік күнінде» қор мамандары зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу қалай жүргізілетіні, біржолғы және ай сайынғы төлемдерді алу тәртібі қандай, зейнетке шығу үшін қандай талаптар бар және оның мөлшеріне әсер ететін факторларды түсіндіреді. Және де жинақтаушы жүйеде қалыптастырылған зейнетақы жинақтары есебінен төлемдер алудың қандай тәсілдері бар, зейнетақы жинақтарының жеке жоспарын қалай жасауға болатыны, басқа да мәселелер туралы баяндап береді. Салымшының бүгінгі жалақысының қаншалықты бөлігін зейнетақы түрінде алатынын айқындайтын "кірісті алмастыру коэффициенті" ұғымына ерекше назар аударылатын болады.
Қор қызметкерлері тәжірибеде болған мысалдарды қолжетімді және түсінікті түрде пайдалана отырып, төлем механизмін түсіндіреді, қызықтырған сұрақтарға жауап береді. «Ашық есік күнінің» негізгі тақырыбын насихаттап, мамандар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты барлық мәселелер бойынша ақыл-кеңес береді.
-Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» іс-шарасы 2025 жылдың 13 наурызында онлайн-форматта және 3 сессияда сағат: 10:00, 11:30, 15:00 өтеді. Іс-шараға қатысу үшін төмендегі сілтемелерге өту керек:
І сессия- сағат 10:00
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=ma47c7beea350bf7458ad2bf7fe39eb85сілтеме бойынша өту қажет. Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2517 840 7828 және event-кеңестің құпиясөзін 123456 енгізесіз.
ІІ сессия- сағат 11:30
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=me9bd09fb2af5d7bff80b6e8f18adcd45. сілтеме бойынша өтесіз. Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2512 506 3098 және event-кеңестің құпиясөзін 123456 енгізесіз.
ІІІ сессия- сағат 15:00
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m38fe4956b322e53f12827b77090174f5.сілтеме бойынша өтіп, кейін event-кеңестің нөмірін 2516 859 7660 және event-кеңестің құпиясөзін 123456 енгізесіз,-дейді Ғалия Тыныштыққызы.
Е.ЕСЕНОВ