Аудан бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Салық кодексіндегі арнаулы салық режимдері жөнінде түсінік береді:
Биыл 18 шілдеде жаңа Салық кодексіне қол қойылды. Жаңа Салық кодексіндегі ең негізгі өзгерістердің бірі:
АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМДЕРІ
Салық режимдерін оңтайландыру мақсатында арнаулы салық режимдерінің 3 түрі енгізілді: 1) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін;
2) оңайлатылған декларация негізінде;
3) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін.
Анықтама:
- оңайлатылған декларация және бөлшек салық негізінде арнаулы салық режимі(АСР) біріктірілді;
- мобильді қосымшаны пайдалану негізіндегі АСР және патент негізіндегі АСР біріктірілді;
- тіркелген шегерімді пайдалану негізіндегі АСР жойылды;
- АШТӨ үшін АСР жойылды (жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен).
1) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР:
- Жеке кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға қолдануға құқылы;
- жалдамалы жұмысшыларсыз;
- шекті табыс - айына 300 АЕК (1,3 млн. тг, жылына 15 млн. тг);
- қызмет түрлерінің рұқсат етілген тізімі(ҚР ҮҚ);
табыстың 4% мөлшеріндегі әлеуметтік төлемдер;
- Жеке табыс салығын төлеуден босатылды;
- салық есептілігі жоқ, есеп айырысу ай сайын мобильді қосымшаның чектері негізінде.
2) оңайлатылған декларация негізінде АСР:
- бір жылдағы шекті табыс-600 000 АЕК (2,5 млрд. теңге);
- жалдамалы жұмысшылар санына шектеу жоқ;
- ЖТС/КТС ставкасы - 4% (мәслихаттар 50% төмендетуге/арттыруға құқылы);
- тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімі (ҚР ҮҚ);
- Қосылған құн салығын төлемейді;
- салық есептілігі жарты жылда бір рет;
- егер табыс 24 000 АЕК-тен (100 млн.тг) асатын болса, салық салынатын табыстан еңбекақы төлеу қорының сомасын азайтуға құқылы;
- егер табыс 135 000 АЕК (550 млн.тг) кем болса, бухгалтерлік есепті жүргізуден босатылады;
- жалпыға бірдей режимдегі салық төлеушілер үшін оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режиміндегі салық төлеушімен өзара есеп айырысу сомаларын шегеруге тыйым салынады.
3) Шаруа және фермер қожалықтары үшін АСР -(қолданыстағы тәртіп сақталды, салық жеке табыс салығы түрінде төленетін болады, бірыңғай жер салығы жойылады).
- ауыл шаруашылығы қызметі;
- Қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты төлемейді, ауыл шаруашылығы қызметінде пайдаланылатын мүлік пен көлікке салынатын салықтардан босатылған;
- Жеке табыс салығының ставкасы - айналымнан 0,5%;
- жер учаскесінің болуы міндетті;
- салық есептілігі жылына бір рет.
М.Құдайбергенова,
«Өндірістік емес төлемдерді әкімшіліктендіру» бөлімінің бас маманы



