Ардагерлеріміз – ардақтыларымыз!

Облыстық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Айтпай Сисенов тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті.

Ол ауданымыздағы тыл ардагерлері З.Бердіқұлов, Т.Дунбаевалармен жүздесіп, Жеңіс мерекесімен құттықтады.

- Қиын-қыстау кезеңде сұм соғыстың тауқыметін тартып, жастайынан еңбекке араласқан ардагерлерімізді құрметтеу - біздің міндетіміз. Жеңіс мерекесі құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, балаларыңыз бен немерелеріңізге жарқын болашақ, еліміз бен жерімізге бейбіт өмір тілеймін», - деді Айтпай Фандыбайұлы.

Бұдан соң қарияларға азық-түлік себеті мен құттықтау хатын табыстады. «Жасымызды сыйлап, көңіл бөліп келгендеріңе бек рахмет», - дей келе 90 жасқа таяған ардагерлер облыстық мәслихат депутаты А.Сисеновтың алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

А.МОЛДАШЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT