«AMANAT» партиясы Жылыой аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі 2022 жылдың 6 айының жұмыс қорытындысын шығарды.
«AMANAT» партиясы Жылыой аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі – халық пен билік арасындағы көпір іспеттес өз жұмысын атқаруда. Қоғамдық қабылдау – халық пен билік арасын жақындату бағытында қолға алынған үздік жоба. Мұнда партия халықты ашық форматта қабылдайды және бірінші кезекте тұрғындардың өтініші мен құқықтары басты назарға алынады.
Сондықтан арнайы қоғамдық қабылдау бөлмелерінде тұрғындардың талап-тілегі тыңдалып, арыз-шағымы, өтініштері бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді. Статистикаға сүйенсек, жыл басынан бері аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне барлығы 164 өтініш түскен. Оның 72 (43,9%) оң шешімін тапқан. Сонымен қатар, тақырыптық қабылдаулар мен акциялар аясында қабылдаулар өткізіліп, партия көмегіне жүгінгендер де жеткілікті. Талдау көрсеткендей, тұрғындарды негізінен әлеуметтік қамсыздандыру – 66 ( 40,24%), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 28 (17.07 %), жұмысқа орналасу – 30 (18.29%), тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер мәселесі – 26 ( 15.85%), білім беру – 4 (2.44%), медициналық қызмет көрсету – 8 (4.88%), құқықтық мәселе - 2 (1.22%) алаңдатты.
Қоғамдық қабылдаулар көптеген азаматтар үшін мемлекеттік органдар және депутаттармен байланыс үшін тиімді құрал болып отыр. Қабылдау негізінде түскен барлық ұсыныстар мен сұрақтар мемлекеттік мекемелер басшылары тарапында бақылауда болып, тиісті шаралар атқарылып келеді. Тегін консультативтік, құқықтық және өзге де көмек көрсетіледі.
Әрбір қабылдаулар мен іс шаралар әлеуметтік желідегі парақшаларда жарияланып, ақпараты салынуда. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінде Жылыой ауданының мәслихат депутаттарына, мемлекеттік орган басшыларына аудан тұрғындары санитарлық талапты сақтай отырып, өтініш-сауалдарымен баруға мүмкіндігі бар немесе онлайн түрде қабылдауға жазылуға да болады.
А.МОЛДАШЕВ