✅ «AMANAT» партиясы Жылыой аудандық филиалы халық пен мемлекеттік билік арасында алтын көпір ретінде бүгінгі күннің талабына сай өз жұмысын жалғастыруда.
✅Партияның басты мақсаты – әрқашан халықтың игілігі жолында жұмыс атқару. Жыл басталғалы бүгінгі күнге дейін аудандық партия филиалы ауқымды жұмыстар атқарып, тұрғындардың талап-тілектерін басты назарда ұстап келеді. Жалпы аудан бойынша 3468 партия мүшесін құрайтын 12 бастауыш партия ұйымы бар. Биыл еліміз үшін үлкен саяси өзгерістерге толы болды. Жыл басында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жаңа саяси реформалар жариялады. Әділетті қоғам қалыптастыруда «Жаңа Қазақстан» идеясы өмірге келді. Биыл партиямыз да өзгерістерге қадам басып, трансформациялаудың жаңа бағдарламасын қабылдады. Атауы «AMANAT» болып өзгеріп, жаңа ірі партиялық жобаларды қолға алды. Ең алдымен, бұл өзгерістер отандастарымыздың тұрмыс жағдайының, елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің шешілуіне ықпал етуі қажет.
✅Сондай-ақ, жыл басынан бір конференция, екі Саяси Кеңес отырысы, үш Саяси кеңес Бюросы отырысы өткізілді. Ал, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының 4 отырысы өтті. Партиялық бақылау комиссиясының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы отырыстары жоспарға сай өткізілуде.
✅2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Жылыой ауданының Сайлауалды бағдарламасының Жол картасындағы көрсеткіштерінің орындалысын бақылау мақсатында 5 қоғамдық кеңес құрылып, 20-ға жуық отырыс өткізіліп, 30-дан астам мәселе қаралып, 40 тан астам ұсыныс назарға алынды.
✅Сайлауалды бағдарламаның жүзеге асуы – партияның басты назарында. Биыл 2022 жылда 91 іс-шара жоспарланып, қазіргі таңда 40-тан астам пайызы орындалды. Орындалмай қалу қаупі бар іс-шаралар қаражатқа байланысты болғандықтан, фракциялық отырыстарда талқыланып, 2025 жылға индикаторларын ығыстыру бойынша аудандық және облыстық деңгейде ұсыныстар қаралуда. Алайда, кейбір мәселелер демеушілік жолмен де шешілуі мүмкін деген жоспарларымыз бар.
✅Сондай-ақ партиялық жобалардың маңыздылығы артуда. «AMANAT» партиясының жобалары аясында ауданымызда бірқатар іс-шаралар атқарылып келеді. Оның ішінде: «Ардагерлерді ардақтайық!», «Бақытты отбасы» жобалары – қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылды. «Кедергісіз келешек» жобасы – аудандағы бірқатар әлеуметтік нысандардың мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға қолжетімділігі зерделенді. Аудандық партиялық бақылау комитетінің төрағасы мен мүшелері бірнеше нысандарды аралап, пандустар, арнайы қоңыраулар, көру қабілеті нашар жандарға арналған жолақтар, дәретхана, арнайы қызмет көрсету бөлмелердің қаншалықты талапқа сай жасалғандығы жөнінде мониторинг жүргізді. Сондай-ақ, сын-ескертпелер бойынша ұсыныстар берілді. Орындалуы партияның басты бақылауында.
✅Партия «Ауыл Аманаты» жобасын қолға алды. Шілде айында «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының ұйымдастыруымен өткен семинарға қала аумағындағы ауылдық округ әкімдері қатысты. Ауыл тұрғындарының табысын, әл-ауқатын арттыруға арналған кешенді жобаның тобы (тренерлер) ауданымыздың ауылдық округтерінде болып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
✅Сонымен қатар, партия филиалының ұйымдастыруымен, қала аумағындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағаларына тұрақтылықты сақтау мақсатында мониторингтік топ құрылды. Қазіргі таңда жұмысшы топ Лидер, Технодом ірі сауда орталықтарында, Береке, Атлант сауда дүкендерінде бағаның тұрақтылығы негізінде рейдтік жұмыстар апта сайын жүргізіп, алдағы ауданның даму жоспарына қойма салу жөнінде, сондай ақ негізгі тағамдарға бағаның белгілі пайыздан асырмау керектігі жөнінде ұсыныстар айтылды.
✅Партиялық бақылау комиссиясы отырыстарында «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасының Жол картасына енгізілген нысандар құрылысының белгіленген мерзімде аяқталуына және құрылыс жұмыстарының сапалы орындалуына, сондай-ақ әлеуметтік маңызды мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен бюджет қаражаттарының мақсатты жұмсалуына және жұмыс сапасын назарда ұстап отыр.
✅Республикалық «Мектепке жол» акциясы партия филиалынан бастау алып, 30 оқушыға мектеп оқу-құралдарымен аудандағы 20 мектептің бастауыш сыныптарының осал топтарын қамтамасыз етті. Тамыздың 1-нен бастап, қыркүйек айының аяғына дейін жалғасатын шараға: аудандық мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы мекемелер, кәсіпкерлер және аудан белсенділерінің демеушілік қолдауымен жүзеге асырылуда. Атаулы акция аз қамтылған отбасылар, жалғызбасты, көп балалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандар, жетім балалар, көмекке мұқтаж жандарға, өскелең ұрпақтың саналы білім алуына, болашаққа үміт сыйлауға бағытталған қайырымдылық іс шара өз жалғасын таппақ.
✅«AMANAT» партиясы Жылыой аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі – халық пен билік арасындағы көпір іспеттес өз жұмысын атқаруда. Қоғамдық қабылдау – халық пен билік арасын жақындату бағытында қолға алынған үздік жоба. Мұнда партия халықты ашық форматта қабылдайды және бірінші кезекте тұрғындардың өтініші мен құқықтары басты назарға алынады. Бүгінгі күнге дейін 175 өтініш түсіп, 87 оң шешім тауып, 50 пайыз көрсеткіш көрсетуде. Қалғаны заң аясында кеңестер беріліп, түсінік жұмыстары жүргізілді.
✅Сондықтан арнайы қоғамдық қабылдау бөлмелерінде тұрғындардың талап-тілегі тыңдалып, арыз-шағымы, өтініштері бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Әрбір қабылдаулар мен іс шаралар әлеуметтік желідегі парақшаларда жарияланып, ақпараты салынуда. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінде Жылыой ауданының мәслихат депутаттарына, мемлекеттік орган басшыларына аудан тұрғындары санитарлық талапты сақтай отырып, өтініш-сауалдарымен баруға мүмкіндігі бар немесе онлайн түрде қабылдауға жазылуға да болады.
✅Партия жастармен жұмысты жүйелі жолға қойды. «AMANAT» партиясының жастар қанаты «Жастар рухы» болып өзгерді. Шілде айында жастар қанатының кезектен тыс VI съезі өтіп, жастар қанатын трансформациялаудың жаңа бағдарламасы қабылданды, орталық кеңестің құрамы өзгерді. Бұл өзгерістер жастармен жұмыстың белсенділігін арттыруға, олардың қоғамдағы түйткілді мәселелерінің шешілуіне жаңаша бетбұрыс әкелері сөзсіз.
✅Жаңарудан өтіп жатқан партиямызды алда үлкен жұмыстар күтіп тұр. Жаңа жобалар, тың бастамалар халық игілігіне жарауы үшін белсенді жұмыстар жалғасын табуы тиіс. Партияластарды қаламыздың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, жаңа бастамаларды жүзеге асыруға атсалысуға шақырамыз.
Жылыой аудандық «AMANAT» партия
филиалының атқарушы хатшысы
Шынаргүл Жаңайқызысы