Алкогольмен күрес мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі

Қазіргі уақытта жастар арасында, арасында «жеңіл» ішімдік деп саналатын сыра мен шарапты еркін пайдалану жиілеп отыр.

Алайда медициналық тұрғыдан алғанда, бұл түрлерін де қауіпсіз деп айтуға болмайды. Бір кружка сыраның әсері шамамен бір рюмка күшті алкогольдік сусынға тең, сондықтан оны жеңіл деп қабылдау ағзаға түсетін зиянды азайтпайды.

Бұл әсіресе болашақ ана болуға дайындалып жүрген қыздар үшін маңызды. Алкоголь гормондық тепе-теңдікке, жүйке жүйесіне және жалпы репродуктивті денсаулыққа теріс ықпал етеді.

Емхана тарапынан алкогольдің зияны туралы түсіндіру, ерте анықтау және профилактикалық бақылау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Қажет болған жағдайда азаматтар наркологтың жеке кеңесіне жүгініп, тиісті көмек ала алады.

Алкогольді шамадан тыс тұтынудың алдын алу қоғам мен медициналық қызметкерлердің бірлескен әрекетін талап ететін маңызды мәселе.

Нарколог дәрігер Зарифа Мусина

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT